Аудандық ТЖБ-ның аға инженері Максим Елдосовтың мәлімдеуінше, өткен жұмада 18 сағат 30 минут шамасында Мұратсай ауылдық округіне қарасты Тайғара ауылындағы Қамбар Дүйсенбаевтың қорасынан өрт шығып, №29 өрт сөндіру бөлімі (бастығы К.Еркінәлиев) келіп, жалынды ауыздықтағанша 25 тонна шөп жанып кетті. Осы оқиғаға байланысты бастапқы құжаттар толтырылып, аудандық ішкі істер бөліміне жолданды.
Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ