Жартығасырлық мерейтой

Күні , 14 рет оқылды

Ауданымыздың әкімі Нұрлан Рахымжанов сайқындық Елдос аға Кенжеғалиев пен Ғайни апа Шауымованың шаңырақтарына бас сұғып, оларды алтын тойларымен құттықтады, сый-сыяпаттарын ұсынды. –Жұп құрған жартығасырлық мерекелеріңізге арналған ұрпақтарыңыздың лебізін және газет тілшісінің мақаласын «Орда жұлдызынан» оқып, біз де өз тілегімізді келіп білдіруді жөн көрдік, — деді Нұрлан Сағынтайұлы елге сыйлы қос қарияға. – Сіздердің өткен өмір жолдарыңыз, отбасылық сыйластықтарыңыз жастарға үлгі-өнеге. Оларға осы жайдың құпияларын ашып, татулықты сақтаудың қыр-сырын үйрете беріңіздер. Немере-жиендеріңіздің де қызығын молынан көріп, шөберелерді тәрбиелеуге атсалысыңыздар. Бұл ниетті әкім орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, Сайқын ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Қадешев, тағы басқалар қостап, ыстық ықыластарын ақтарды, естеліктерімен бөлісті. –Бүгін мерейіміз тағы бір өсіп қалды,-деді өз сөзінде Елдос аға. –Бізде еш құпия жоқ. Осы 50 жылдың ішінде бір-бірімізге дауыс көтеріп көрген емеспіз. Мүмкін, бұл Ғайнидің аса сабырлы, өте жайлы мінезінен шығар. Асылы, отбасындағы жайлылық, құт-береке, ырыс-ынтымақ ақжаулықтыларға байланысты-ау. Отбасында да, қызметте де ауызбіршілікте болып, жанұяның, Отанымыздың даңқын асқақтата беріңіздер.

К.ҒАЙСИН.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64