Тамақтан улану қауіпті

Тамақтан улану жылдың қай мезгілінде де орын алуы ықтимал. Әсіресе, көпшілік тамақтанатын асханаларда, мейрамханаларда ішек инфекциялары мен тағамнан улану қауіпі жоғары. Өкінішке қарай, қазақы дәстүрмен тойланатын Наурыз мейрамы кезінде сыртта дайындалатын тағамдар да бұл қауіпті күшейте түседі. Мұндай жайлардың алдын алудың бірден бір жолы санитарлық гигиеналық ережені қатаң сақтау. Сальмонеллез, дезентерия, стафилакокктық токсикоинфекция, колиентериттер мен энтеровирустық инфекциялар сияқты аурулардың қоздырғыштары адам ағзасына ауыз қуысы арқылы өтіп, адам ішегінде көбейеді. Олар тағам, су және тұрмыстық заттар арқылы беріледі.

Әр  адам дұрыс тамақтанудың, сонымен бірге, тамақтану гигиенасының негізгі принциптерін біледі. Алайда, бұл дерттің маған тигізер қауіпі жоқ деген жаңсақ оймен, денсаулық ережелерін барлығы бірдей сақтамайды. Бұл көп жағдайда өкінішті жағдайға ұрындырады.

Ендеше, сақтық шараларын естен шығармайық, жерлестер!

Ғалия БЕКЕТОВА,

аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау

басқармасының жетекші маманы.