Республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік журналы оқушылар арасында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты өлеңдер мен шығармалар жарысын ұйымдастырған-ды. Оның шарты бойынша үздік деп танылғандары балаларға арналған жинаққа енетін болды.
Осынау бәйгеге Жәңгір хан атындағы орта мектептің 4 «б» сынып оқушылары Әсем Дүйсенбай, Азат Жасқайрат, Зарина Сүлеймен және Гүлсана Ержан өз шығармаларын жолдау арқылы сынға түсті. Нәтижесінде біздің шәкірттердің жұмыстары жоғары бағаланып, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры, Қазақстан Жастар мен Қазақстан Журналистер одақтарының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтарының иегері, Қазақстанның ең үздік спорт журналисі Мұсағали Тасқалиевтің Алғыс хаттарына және өз шығармалары шыққан кітаптарға ие болды.
Шығармашылық шабыттарың шалқи берсін, жас талапкерлер!
Альфия АКСЕНОВА,
мұғалім.
Хан Ордасы ауылы.