25.04.2017, 14:20
Қараулар: 301
Қасірет ала келген сынақ

Қасірет ала келген сынақ

«Ядролық қару – адамзат үшін өз-өзіне ажал шақыру».

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстанның бейбіт саясатын, яғни, атом қаруын сынауға қарсылық қозғалысын бүгінде әлем біледі әрі қолдайды. Осы ретте М.Мәметова атындағы орта мектепте «Мектептегі бейбітшілік аптасы» оздырылды.

Апталық шеңберінде «Ядролық қаруға жол жоқ!», «Невада-Семей полигоны» атты ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, презентациялар да ұсынылды. Аға тәлімгер Б.Шапиғоллин 5-11-сынып оқушыларына «Хиросима және Нагасаки» оқиғасы туралы бейнефильмдер көрсетсе, тарих пәнінің мұғалімі Д.Сұлтанғалиева жоғары сыныптарға «За мир без ядерного оружия и глобальную безопасность» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Айта кету керек, аталмыш шараға «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ж.Әшенов, мектеп әкімшілігі, ұстаздар көптеп қатысты.

Апталықта Қазақстанның ядролық қарудан айтарлықтай опық жеген мемлекет екендігі, әрі оның жаhандық миссиясы ядролық қарусыз әлем саналатыны, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Семейдегі атом полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қойғанына биыл 25 жыл толғаны айтылды. Сонымен бірге 10-сынып оқушысы Милана Шаппазгереева «Закрытие полигона Невада-Семей», 11-сыныптан Найля Ғабитова «Лиссабонский договор» туралы баяндамалар оқыса, қатысушылар ядролық қарудың қауіптілігі хақында өз ойларымен бөлісті. «Что я сделаю для процветания нашего района?» атты тренингпен тамамдалған апталық оқушыларды жаманнан шет жүруге үндеп, өз елінің патриоты болуға шақырды.

Гүлайым ТЕМІРБОЛАТОВА,

педагог-ұйымдастырушы.