Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Картинг» автокөлігі спортынан жарыс өтті. Оған аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының жас үйірмешілері Мақсат Әбдіғалиев, Азамат Насыров және Дастан Сатуов (барлығы да М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушылары, жетекшісі Әділхан Махимов) қатынасты. Ережеге сай жарыс 50 см³, 125 см³, 175 см³ кластары бойынша өткізілді. Нәтижесінде 50 см³ класы бойынша Азамат Насыров ІІІ орын алса, Дастан Сатуов белсене қатысқаны үшін дипломымен марапатталды.
Миржан САБЫРОВ,
АБТШО директорының орынбасары.