Кеме үлгілерінің сайысы

Аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Мұратсай ауылында дәстүрлі кеме үлгілерінің аудандық жарысы оздырылды. Оған орталықтың Мұратсай, Бисен, Бөрлі, Хан ордасы, Сайқын ауылдарындағы үйірме мүшелері қатысты. Қағаздан, картоннан, басқа да заттардан істелген 10 желкенді, 7 тік жүретін, 3 әскери кеме үлгілері суға түсірілді.

FSR-ЭКО, FSR–ЭКО-стандартты жоғары жүрдек кеме үлгісі бойынша ордалық Мейіржан Нұфтоллин (жетекшісі Талап Ғайсин), радиобасқармалы «F2U»-те бисендік Заманбек Сабыров (жетекшісі Әбдірахман Құрақов), «С-1» желкенді кеме үлгісінде мұратсайлық Бекарыс Тұрарбекұлы (жетекшісі Аслан Әменов), «С-5» (шөлмек ішіндегі кеме) үлгісінде ордалық Талант Уәлиев (жетекшісі Талап Ғайсин), «С-7» (қағаз, картоннан жасалған) кемеде мұратсайлық Нұрдәулет Елтайұлы (жетекшісі Аслан Әменов), «ЕН-600» еркін жүзетін азаматтық кемеде бисендік Ұшқын Еслямғалиев (жетекшісі Әбдірахман Құрақов), сайқындықтар  Бекасыл Меңдібай мен Дастан Сатуов (бірі «ЕК-600» еркін жүзетін әскери кемеде, енді бірі «ДХ-02» яхта үлгілері бойынша, екеуінің де жетекшісі Нұрмұханбет Мұстафин) І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар бисендік Қуанышбек Сабыров, ұялылықтар Қолғанат Қайрауов, Жеңіс Имашев, Бекзат Сатыбалдиев (жетекшісі Әділет Сәрсенғалиев), бөрліліктер Бекжан Зинешев, Бақтығали Шыңғалиев (жетекшісі Тельман Садихов), мұратсайлық Нұрдәулет Файызханов, Расул Мұханбетов (жетекшісі Аслан Әменов) және сайқындықтар Мақсат Әбдіғалиев, Жалғас Нұрәлиев, Мерұлан Ғайниев те жүлдегерлер сапынан көрініп, баршасы да аудандық білім беру бөлімінің дипломымен марапатталды. Ал, белсенділігімен көзге түскен Әлішер Талғатұлы, Бахтияр Жұмашев, Виталий Айтбаев, Миржан Қабдолқақов, Әділет Шүкірғалиевтердің еңбектері де тиісінше бағаланды.

 

Миржан САБЫРОВ,

АБТШО директорының орынбасары.