Ирандық дәрігер Батмангхалиж аурулардың көбі денедегі су тапшылығынан туындауда екенін атап өтті. Судың денеге пайдалары мыналар:
– Сусыздық – денедегі кейбір функцияларды кідіртеді, кейін өлімге әкеледі.
– Су – негізгі энергия көзі. Барлық клеткаларға магниттік және электрлік энергиялар тудырады.
– Клеткалардың құрамындағы элементтерді бір-бірімен біріктіріп, байланыстырады.
– ДНК-ның зақымдануының алдын алады.
– Иммунитет жүйесінің негізі саналатын жілік майы түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.
– Азық, витамин және минералдардың негізі еріткіші.
– Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
– Эритроциттің жұмыс өнімділігін артырады.
– Клеткаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
– Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
– Буын қуыстарына негізгі майлаушы зат болып табылады.
– Омыртқа дисклерін шокты басатын су көпшіктеріне айналдырады.
– Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
– Дене темперературасын реттейді.
– Мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.
– Жүрек ауруы мен паралич ауруынан сақтайды.
– Мидан бөлінетін гормондардың жасалуы үшін қажет.
– Зейінді ашады. Жұмыс өнімділігін арттырады.
– Ешқандай жанама әсері жоқ.
– Стресс пен депрессияны басады.
– Ұйқыны жөнге келтіреді.
– Шаршағанды кетіреді.
– Теріні жұмсартады.
– Көздерге жанар береді.
– Қан өндірісін реттейді.
– Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.
– Қанды сұйылтып,қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
– Етеккірден бұрын келетін сырқат пен дене қызуын басады.
– Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.
– Салмақ қосуды жеңілдетеді.
– Жүктілікте жүрек айнуын азайтады.
– Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмекші болады.