Жүз төк – 25 мың

в-325

Көк майса шөп тиелген «ЗИЛ-ді» көріп, иесімен тілдеспекке бұрылдық. Шаруашылық жетекшісі ол жерде болмай, біз көлік жүргізуші Самат Қажығалиевті (суретте) сөзге тарттық. Шөп ауылға танымал азамат Қыдырғалиев Нұрлан жетекшілік ететін «Қапан» шаруа қожалығынікі екен.

– Жылдағы дағды бойынша шалғынға ертерек орақ салғанбыз. Уақтылы жинап алсақ, биыл түсім жақсы,-деді Самат бізбен әңгімесінде. – Бүгінгі сапарымыз бірінші мәрте емес. 100 төк – 25 мың теңге. Бұл бастапқы өнім үшін қымбат та емес қой. Алушылар да табылып жатыр.

Иә, мал ұстайтындар «әліптің артын бақпай», науқан соңында арзандайды деп күтпей, жемшөп қорын жеткілікті жасақтап алса, қыста қысылмасы хақ. Жаздай ұзын арқан, кең тұсаумен жүріп, арқаларына аяз батқанда, не көктем кешіккен тұста әбігершілікке салынатын ауылдастарымыз да жоқ емес-ау… Сондықтан өткеннен сабақ алған жөн.

Әділет ӘБДІРОВ.