22.08.2017, 16:03
Қараулар: 315
Татулық – таптырмас қасиет

Татулық – таптырмас қасиет

Елімізде соңғы жылдары дау-жанжалдарды сотқа дейін шешу медиация тәртібімен реттелуде. Бүгінде оның тиімділігіне көпшілік көз жеткізе бастады. Ауданымыздың 7 ауылдық округінде 18 медиатор қызмет етеді. Үстіміздегі жылдың 7 айында 17 азаматтық іс (еңбек даулары, алажақ-бережақ, т.б.) сол медиация жолымен қаралып, реттелді.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына біраз өзгерістер енгізілгенін де айта кетелік. Мәселен, 3-баптың 1-тармақшасында дауды (даушарды) шешудегі басты мақсат екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу екені бекітіліп, өзара келісім арқылы реттеу жолы айқындалды. Дау келісіммен аяқталса, екі жақтың да ұтары анық. Ол тек уақыт пен қаржыны үнемдеп қана қоймай, адамдардың өзара қарым-қатынасының бұзылмауына да елеулі септігін тигізбек.

 

Зияш ЗАЙНОЛЛИНА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.

Медиация жолы

Басқа да мақалалар