22.08.2017, 18:01
Қараулар: 386
Жауапкершілік жүгі ауыр

Жауапкершілік жүгі ауыр

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы ұжымдарымен  кездесті.

Онда жемқорлық індетінің алдын алу, қандай да құқықбұзушылыққа жол ашатын әрекеттерге мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жөнінде келелі әңгіме қозғалды. Аталмыш бөлім басшысы Жанғуат Еркеғалиев Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда партия мүшелеріне, жалпы мекеме қызметкерлеріне үлкен  жауапкершілік жүктеліп отырғандығын тілге тиек етіп, атқарылған іске әрқашан сын көзбен қарау керектігі жөнінде өз пікірін айтса, өзге де қатысушылар ой-толғамдарын ортаға салды.

Иә, жемқорлық пен жең ұшынан жалғасушылық ешкімге абырой сыйламасы анық.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.