Кітапханадағы ізгі шара

а-580-1

Әр қазақстандық жанұяда патриоттық сезімді қалыптастыру, өскелең ұрпаққа рухани және эстетикалық тәрбие беру мақсатында Отбасы күніне орай аудандық кітапханада «Отбасы – Отан  айнасы» атты дөңгелек үстел оздырылды. Оған ауылымызға сыйлы жанұя өкілдері, жастар және Бөкей ордасы колледжі студенттері қатысты.

Онда  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков жастарды туған жерлерін түлету бағытында адал еңбекке шақырса, көпті көрген көнекөздер студенттер мен жас отбасыларға өз ақыл-кеңестерін айтты.

Қысқасы, аға буын «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейтін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтін» мерейлі де іргесі берік отбасын қалыптастыру төңірегінде келелі әңгіме өрбітті.

                                         Гүлмира ҒАЙСИНА,

 кітапхана қызметкері.