12.09.2017, 10:38
Қараулар: 223
«Қуантсаң, баланы қуант»

«Қуантсаң, баланы қуант»

Әлеуметтік жағынан толық қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде өтіп жатқан жалпыға бірдей білім беру айлығы аясында М-С.Бабажанов атындағы орта мектебінде де «Мектепке жол» акциясы ұйымшылдықпен жүруде. «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты бұл қайырымдылық шарасына аудан мекемелері және кәсіпкерлер Ж.Сапарғалиева, А.Дәулетова, С.Оразова, Ж.Сикенова, Ш.Сұлтанова, Қ.Нүркенов пен ауыл имамы Н.Иманғалиев белсене атсалысып, балғындарға киім-кешек, оқу-құралдарын  алуға қолұшын созды.

Иә, «Қуантсаң, баланы қуант» дегендей, қайырымды жандар қатары көбейе бергей!

                    Жанна СҰЛТАНОВА,

әлеуметтік педагог.

***

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы  дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына біздің ауылдың қайырымды азаматтары, қожалық жетекшілері және  мұғалімдері де белсене атсалысты. Атап айтар болсақ, «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Т.Сарсенғалиев 5 балаға 25 мың теңгеге спорт киімін әперсе, «Кенжеғұл» (жетекшісі Ж.Қуанов) – 20000,  «Аэлин» (жетекшісі Х.Ермекқалиева) – 40000, «Марс» шаруа  қожалықтары (жетекшісі М.Бекқалиев) 25000 теңге көлемінде қаржылай демеушілік жасады. Сонымен бірге, мұғалім Ә.Рысқалиев – 20000,  ауыл азаматы К.Баешев – 10000 теңгенің жәрдемін берді. Жалпы, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына күні бүгін 140000 теңгенің  көмегі көрсетіліп отыр. Бұл ізгі шара әлі де жалғасын табуда.

«Кең болсаң, кем болмайсың» деп балғындар көңілін бірлеген абзал жандарға жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын демекпіз.

Ақылай СӘЛМЕНОВА,

Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің

әлеуметтік педагогі.

«Мектепке жол»

Басқа да мақалалар