Паразиттік аурулардың алдын алыңыз

Қотыр

Қотыр – қотыр кенесі тудыратын тері ауруы. Ол қарым-қатынас арқылы жұғады. Ауру киім, төсек-жабдық және жыныстық қатынас арқылы таралады. Инкубациялық кезең – 1-2 апта. Қотыр қышу, кәдімгі бөртпенің болуымен сипатталады. Қышыма кешке, түнде күшейеді. Қышыма тікелей кененің әрекетінсіз, кенеге және оның нәжісіне ағзаның аллергиялық реакциясынан туындайды. Сондықтан қотырды жұқтырғаннан соң қышыма бірнеше аптадан соң, қайтадан жұқтырған жағдайда алғашқы тәулікте пайда болады. Бөртпе терінің көбіне саусақ арасында, білекте, шынтақ шұңқырында, табанда, сыртқы жыныс мүшесінде, бөкседе, қолтықта орналасады.

Бас пен мойын (емшек еметін балалар) қотырдан зақымдалмайды. Бөртпенің орналасу сипатына қарамастан бұл ауруда қышыма дененің кез келген жерінде пайда болуы мүмкін.

 

Педикулез

Педикулез – бас, дене және қасаға биттері паразиттеуден туындайтын тері. Биттеу көбінесе терінің қышуымен байқалатындықтан, биттер уақытында анықтауға тиісті аса қауіпті паразит болып табылады. Ол қарым-қатынас арқылы (биттеп кеткен адаммен жақын байланысқанда), күтім жасау заттары (орамал, тарақ, жөке, т.б.), жыныстық жолмен (көбінесе қасаға биттерінің жұғуы мүмкін), су (адамдар жаппай шомылатын жағажай, өзен, көл, теңіз, бассейін) арқылы тарайды. Битті жұқтырмас үшін жеке тазалық шараларын сақтауымыз керек.

  1. Аптасына кемінде 1 рет бас пен денені жуу, үнемі киімді ауыстыру, оны жуып, үтіктеу, жеке тазалық құралдарын қолдану: тарақ, шашқа арналған резеңке, қыстырғыш, жөке және т.б., бөгде адамдармен қолданбау, басқа адамдармен, әсіресе, бөтен адамдармен жақын байланыстан, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу арқылы сақтық шараларын сақтауымыз керек.
  2. Балалар ұжымында, сондай-ақ, басқа ұйымдасқан ұжымдарда мерзімді тексеру.
  3. Киімге және төсек-жабдыққа қарау:

Сыртқы киімдерді, жұмсақ жиһаздарды үнемі тазалау (жуу, жеделдету, химиялық тазалаудан өткізу), өз киіміңді ғана кию, үнемі төсек-жабдықты ауыстыру, оны жуу, үтіктеу; монша, бассейндерде жеке бас киімді кию.

М.БЕКТЕЛЕУОВА,

дәрігер дерматолог.