Жастарға жалындаған жарасады

«Нұр Отан» партиясының «Жастар – Отанға!» жобасы аясында аудан орталығында жастармен өткен кездесуде партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілеріне тоқталып, алға қойылған мақсаттардың дені ертеңгіге жасалып жатқан батыл қадам екендігіне баса назар аударды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Жанғуат Еркеғалиев егемендікпен бірге жастарға шартараптан сапалы білім алуға даңғыл жол ашылғандығын, пікір білдіруде талайларға тұсау болған тілдік кедергілер мәселесі шешілгендігін әңгімеледі. Аудан жастары ресурстық орталығының басшысы Исатай Құрмашев аталмыш мақалада ұсынылған «Туған жер», «100 жаңа есім» бастамаларының жүзеге асырылу бағытында атқарылып жатқан істер жайын мәлімдеп, замандастарын келешекте оздырылатын конкурстар мен түрлі байқауларға белсене қатысуға шақырды. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалы өкілі  Жалғас Әшенов жастардың, әсіресе, осынау кездесуге келіп отырған аудандық туризим және экология орталығы қызметкерлерінің, Бөкей орасы колледжі студенттерінің белсенділігін дәріптеп, бұл үрдіс өз жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

Шара соңында Астана қаласында өтетін ІV жастар съезіне делегат болып аудандық мәслихаттың ең жас депутаты, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Р.Әшеновтың кандидатурасы бірауыздан қабылданды.

Раушан МҰРАТОВА.