10.10.2017, 11:28
Қараулар: 488
Тұмаудың алдын алу

Тұмаудың алдын алу

а-598

Тұмау – ауа тамшы жолдары арқылы таралатын жедел жұқпалы аурулардың бірі. Ол науқас адамнан жөтелу немесе түшкіру кезінде тұрмыстық заттарға түскен вирус арқылы таралады. Қазіргі таңда  ауданда жедел респираторлы вирусты жұқпа мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Негізі бұл дерт күз-қыс мезгілдерінде жиі байқалады.

Тоңып дірілдеу, бастың ауруы, дене қызуының 38,5-40,0°С көтерілуі, бұлшық ет пен буындардың сырқырауы, түшкіру және кұрғақ жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік бұл осы аурудың белгілері.

Оның алдын алу шараларының бастысы – екпе. Жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы тегін екпе жүргізіліп келеді. Биылғы  маусымға 1411 адамға екпе жасау жоспарлануда, олардың ішінде медициналық қызметкерлер, 60 жастан асқан диспансерлік есепте тұратын  ересек адамдар, жүкті әйелдер және  6 айдан 14 жасқа  дейінгі  балалар. Екпеден кейінгі екі аптада иммунитет қалыптасып, оның қорғаныш қасиеті жыл бойы сақталады. Айта кету керек, жоғардағы тізбеге ілікпей қалған адамдар ақылы түрде аудандық аурухана ақылы екпе жасата алады.

ЖРВЖ және тұмау  көтерілген кезде мектептерге науқас  балалар  мен персоналды жібермеу, кабинеттердің температурасы +18 градустан  төмен болмауы, көпшілік ойын-сауық шараларды шектеу, үзілісті 15-20 минутқа дейін көбейту, медициналық мекемелерде персонал үшін маскалық режим енгізу, күніне 3 реттен палаталарды желдету жұмыстарын және жеке гигиенаны сақтап, екпе егілгенге дейін тұмау ауруының  алдын алу қажет.

Г.СҰЛТАНҒАЛИЕВА,

  аудандық ҚДСБ-ның жетекші маманы.