Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Салтанат Тұманбаева басшылық ететін «Болашақ» корпорациялық фондтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас журналистер мен блогерлер арасында облыстық байқау оздырылды.
Оған қатысушылар еліміз бен аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жайларды әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда кеңінен насихаттауы қажет болатын. Міне, осы талап биігінен көрінген Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенінің қызметкері, ханордалық Мират Қоржынбаев үздік фотокорреспондент болып табылды деп хабарлайды облыстық «Приуралье» газеті.
Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың өз қолынан Диплом мен бағалы сыйлыққа ие болған жерлесімізді жеткен жетістігімен құттықтай отырып, алар асуың асқақтай берсін дейміз.