10.07.2018, 9:47
Қараулар: 361
Құлағыңыз түрік жүрсін!

Құлағыңыз түрік жүрсін!

Тұрғындардың заңнамаларды жіті білмеуі, ондағы өзгерістерден бейхабарлығы түрлі дау-дамайға әкеліп соқтыратыны жасырын емес. Қайсыбірі қажетті құжатты дұрыс толтыруды да білмейді. Шалғай ауылдарда, елді мекендерде тұратын жерлестерімізге құжатты алу үшін қайта-қайта аудан орталығына келіп-кетудің өзі оңай емес. Міне, осы бір жайларды ескерген доғарыстағы полиция полковнигі Абай Алдабергенов қолжетімді төлемге тұрғындарға құқықтық көмек көрсетпек ниетпен жақында «Заңгер» жеке кәсібін ашты.  Құқық қорғау саласында жиырма жылдан астам еңбек еткен тәжірибелі заңгер енді кәсіпкер ретінде ауылдастарына сенімхат арқылы құжаттар жиынтығын әзірлеуге жәрдемдеседі, кеңес беріп, бағыт та сілтейді. Келушілердің сұранысы бойынша ол сотқа да қатысу құқығына ие екен. Осындай құқықтық қолдау көрсететін кәсіпкердің бөлмесі Сайқын ауылының Бергалиева көшесіндегі №1 үйде (ұялы тел:87053907373) орналасқанын да айта кетелік.

Халыққа заңгерлік қызмет көрсетуді, жұртшылықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды қолға алған азаматтың жаңа қызметіне тек сәттілік тілейміз.

Раушан АППАҚОВА.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар