12.07.2018, 11:27
Қараулар: 175
Республикалық чемпионат

Республикалық чемпионат

Ақтөбе қаласында жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында  пауэрлифтинг пен жатып сығымдап көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда барлық облыстардан келген командалар бақ сынады. Нәтижесінде жасөспірімдер арасында жерлестеріміз Әдемі Хамит (32 келі) жатып сығымдау мен пауэрлифтингтен І, ал, Ұлмекен Сағидолла (40 келі) жатып сығымдаудан І, пауэрлифтингтен ІІ орынды иемденді. Сөйтіп, бөкейлік спортшылардың қоржыны  3 алтын, 1 күміс медальмен толықты.

Айта кетелік, олардың бапкер Рахим Қожағалиев 2014 жылдан бері бұл чемпионатқа шәкірттерін үзбей апарып жүр. Және де олардың ұстазын жерге қаратқан кезі жоқ. Зарина Шынболатова, Ұлмекен Сағидоллақызы,  Махаббат Қайнөшевалар әр жылдардың чемпиондары. Биылғы жарыста бас төреші болған Наталья Цхай абсолютты чемпиондардың қатарынан көрінген  Әдемі Хамитке Азия чемпионатына қатысуға ұсыныс тастады.

Дәурия ДҮЙСЕНОВА,

аудандық балалар-жасөспірімдер спорт

мектебінің қызметкері.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.