17.07.2018, 10:03
Қараулар: 185
Депутат – халық қызметшісі

Депутат – халық қызметшісі

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс оздырылған он жетінші сессиясы депутат Сағындық Сәрсеновтің төрағалығымен өтті.

Оған депутаттармен қатар аудан әкімі Н.С.Рахымжанов пен аппараттың жауапты қызметкерлері, ауыл әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шақырулы мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі «Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №13-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жобасымен» аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Р.Абдоллина, «Мәслихаттың 2013 жылғы 12 шілдесіндегі №11-3 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету» және 2013 жылғы 28 желтоқсандағы №14-9 «Ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің және оның мөлшерін белгілеу мен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін айқындаудың қағидаттарын бекіту шешіміне өзгерістер жасау туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ш.Абдоллин баяндады.

Талқылауға ұсынылған жобалар депутаттар тарапынан толық қолдау тауып, бірауыздан мақұлданды.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.