18.07.2018, 17:43
Қараулар: 292
Хан ордасындағы семинар

Хан ордасындағы семинар

Бүгін Хан ордасы ауылында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің аумақтық семинары өтті.

Жаңақала, Жәнібек және Бөкей ордасы ауданының қоғамдық келісім, ардагерлер, әйелдер кеңестерінің, этномәдени бірлестіктері мен медиаторлар, ауыл әкімдері, аудандық соттар және атқарушы билік өкілдері қатысқан алқалы жиынды аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ашты. Одан әрі семинарды ұйымдастырушы облыс әкімі аппараты жанындағы қоғамдық келісім басшысы Медхат Камбетов аталмыш мекеменің атқаратын қызметін баяндай келе, кеңестердің қоғамдағы рөлін арттыру жайын сөз етті. Сонымен қатар осы семинар аясында өткен селекторлық отырыстарда кеңестердің міндеттері мен мақсаттары айқындалып, медиация заңының кейбір қыр-сырлары айтылды. Қатысушылар толғандырған сауалдарын қойып, толымды жауап алды.

Раушан БАҚЫТОВА

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.