7.08.2018, 10:30
Қараулар: 257
Ведомствоаралық кеңес

Ведомствоаралық кеңес

 

Ауданымыздағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысымен  прокуратураның  мәжіліс залында ведомствоаралық кеңес өтіп, Қазақстан Республикасы қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодестеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  жанжақты талқыланды.     

Айталық заңнамалық түзетулер ҚР Қылмыстық кодексінің 262 бабына, қылмыстық-процестік кодексінің 45 бабына, қылмыстық-атқару кодексінің 9 бабына қатысты жасалыпты.  Сондай-ақ,  салынатын айыппұл мөлшері де недәуір азайтылған. Мәселен, ҚР ҚК-нің  187-бабының  1-бөлімінде  бұрын жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не жүз жиырма сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көрсетілсе, жаңадан енгізілген өзгеріске сәйкес, айыппұл көлемі сексен айлық есептік көрсеткішке дейін азайтылып,  не сексен сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе жиырма тәулікке қамаққа алу көзделген.

Қылмыстық-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша аудандық прокуратураның аға прокуроры Р.Шәкіржанов, қылмыстық  кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша АІІБ аға тергеушісі Ж.Салауатов, қылмыстық-атқару кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша пробация қызметінің аға инспекторы М.Бекқалиева  баяндады.  Кеңеске қатысушылар  күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА.