21.08.2018, 13:25
Қараулар: 365
Шаңыраққа шаттық сыйлады

Шаңыраққа шаттық сыйлады

Қым-қуыт тіршілікте қиналған сәтте адамдардың бір біріне демеу болып, мейірім шуағын шашып, көмек қолын созуы мына жарық дүниені нұрға бөлейді. Сондықтан да болар, қазір мемлекет, түрлі ұйымдар, кәсіпкерлер мен жекелеген адамдар тарапынан қайырымдылық жасау тұрақты ұйымдастырылатын игі шаралар легіне айналды. Жақында ғана Орда ауылдық округіне қарасты Үштерек елді мекенінің тұрғыны Асылбек Зайноллиннің үйі отқа оранып, қуанышқа орай қайғылы жағдай орын алмаған болатын. «Бір қайғының артында үлкен қуаныш болады» демекші, сол үйдің отанасы Алтынай Құрмашева кішкентай бүлдіршінді дүниеге әкеліп,  шаңыраққа шаттық сыйлады.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков көп балалы анаға өткен оқиғаға еш мойымай, тек алға ұмтылу керектігін айтып,  «кішкентай сәбидің бауы берік болсын! Балаларыңыздың дені сау, оқуда озат болсын» деген ыстық лебізін білдіріп, анасы мен сәбиіне қажетті заттарды алып беріп, жанашырлық көмекқолын созды.

Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ.

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар