1.10.2018, 17:46
Қараулар: 73
Ауырмаудың жолын ізде

Ауырмаудың жолын ізде

Өткен аптада  «Өз жүрегіңе қамқор бол. Сенің жүрегің -менің жүрегім» ұрандарымен Дүниежүзілік жүрек күніне арналған шара өтті. Бұл атаулы күн әлемдік жүрек федерациясының бастамасымен  жыл сайын өткізіліп келеді.

 

Шара барысында аудан көлемінде 2368 адам  жүрек ауруы бойынша есепте тұрғанын білдік. Жалпы елімізде жүрек-қан тамыры, ми инфаркті, ишемиялық инсульт сияқты қауіпті  аурулардың саны күрт өскен. «Жүрек ауырмасын десеңіз, стресстік жағдайларға берілмеңіз, дұрыс тамақтана біліңіз және қимыл- қозғалыстың маңыздылығын да естен шығармаған абзал. Әсіресе, жастар жағы еріншектікке бой алдырмай, велосипед теуіп не жаяу жүруді әдетке айналдырса игі» деген Нәсіп Нүркенова  мұндай профилактикалық шаралардың жиі өткізілетіндігін айтты. Әр мекемеге арнайы  бас сұққан ақ халаттылар ондағы қызметкерлердің қан қысымын, холестерин мен қант мөлшерінің дегейін анықтап, дене салмақтарын өлшеп, дәрігерлік кеңестерін берді.

 

Өз тілшімізден