8.11.2018, 12:02
Қараулар: 768
Сезім Мәскеуде өнер көрсетеді

Сезім Мәскеуде өнер көрсетеді

Аудандық саз мектебінің өнерлі қарлығаштары  Орал қаласында өткен композитор Назиб Жиганов атындағы I халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы фортепиянодан музыкалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді. Музыка бәйгесі Орал қаласында алғаш рет өткізілді.

Жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдау мен  мәдени құндылықтарды қастерлеуге, классикалық музыканың үздік үлгілеріне баулуды көздейтін бұл байқауда аудандық саз мектебінен сынға түскен тоғыз шәкіртіміз, атап айтар болсақ, Әдемі Тайырқызы, Назерке Маралова (жетекшісі Г.Ихсанова), Айзере Қапанова, Сезім Хамидолла (С.Ғалымова)  екінші, Мәдина Оразғалиева, Айым Хамидолла (С.Ғалымова)  үшінші орындарға ие болса, Аянат Шымболатқызы, Арина Талғатова, Аққу Ертарғынға (жетекшілері С.Ғалымова) белсене қатынасқандары үшін диплом берілді. Айта кетелік, Сезім Хамидолланың өнерін ерекше бағалаған әділқазылар алқасы оған Мәскеуге қаласында өтетін байқауға жолдама берді.

         Жас музыканттардың өнерін  Астана және Қазан қалаларынан келген музыка саласының  білгірлері – Тимур Урманчиев пен Эльмира Амирова, оралдық пионист, композиторлар Флюра Исаева, Саида Халықова, Ольга Кузнецова бағалады.

 Айзада ТІЛЕПОВА,

аудандық саз мектебі директорының

 оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар