8.11.2018, 12:34
Қараулар: 231
Жас өнертапқыш жарқырай көрінді

Жас өнертапқыш жарқырай көрінді

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Өскемен қаласында инновациялық идеялар сарапталған «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық байқау өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында қолға алынған бұл шараға аудандық, облыстық жарыстың жеңімпазы, ауданымыздағы балалар техникалық шығармашылығы орталығының «Аэроғарыштық үлгі» үйірмесінің тәрбиеленушісі Азамат Насыров қатысты. Әріптесіміз Нұрмұхамбет Мұстафиннің жетекшілігімен дайындалған «Wonder марсоход» жобасымен Азамат «Космонавтика және аэроғарыш техникасы саласындағы жобалар: ғарыш техникасы саласындағы жобалар және модельдерді құрастыру» аталымында ІІ орынға ие болды.

Миржан САБЫРОВ,

АБТШО директорының

орынбасары.