30.11.2018, 10:07
Қараулар: 897
Жерлесіміздің кітабы жарық көрді

Жерлесіміздің кітабы жарық көрді

Құм Нарынның тумасы, Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры, әрі бас режиссері Самал Әбуовтың «Театр. Тарих. Тағылым.» атты алғашқы жинағы жарық көрді. Кітаптың аты айтып тұрғандай, жинаққа облыстық қазақ драма театры ,онда қолтаңбасы қалған өнер тұлғалары, бүгінде қызмет етіп жүрген театр майталмандары туралы мақалалар жинақталған.

– Бұл жинағым «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасындағы «Өнегелі құндылықтар» бағытына өз үлесімді қосу мақсатында құрастырылды. Негізінен театр өнеріне еңбегі сіңген тұлғалар жайлы естелік, мақалалар енген бұл кітабым бір жағынан осы саладағы жиырма жылдық еңбегімнің есебі болып табылады-дейді автор. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының құрылғанына ширек ғасыр толуы қарсаңында жарық көрген бұл еңбек, театр тарихының жылнамасы іспеттес өнер сүйер қауымға арналған.

Самал Әбуовтің отбасы да өнерден алыс емес. Жұбайы Эльмира Мақашева театр әртістігімен қатар, аударманың тізгінін қатар ұстап жүрген жан. Эльмираның аудармасымен шетелдік бірнеше қойылым театр сахналарынан көрініс тапты. Бірі режиссер, бірі аудармашы боп үйлесімді тандем құраған жұптың тұңғыштары Гүлдана да бүлдіршін кезінен өнер майданында қолтаңбасын қалдырып үлгерген өнерлі жан.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар