28.03.2019, 17:19
Қараулар: 575
ПАУЭРЛИФТИГТЕ БӘСІМІЗ БИІК

ПАУЭРЛИФТИГТЕ БӘСІМІЗ БИІК

Пауэрлифтигтен жасөспірімдер (ұлдар және қыздар) мен ересектер арасында өткен облыстық чемпионатта шәкірттеріміздің мерейі үстем болды.

Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің Хан ордасы, Жиекқұм филиалдарының шәкірттері дүбірлі додада қанжығамызға бес алтын, төрт күміс медаль байлады. Тарқатып айтсақ Рахим Қожағалиевтің төрт бірдей шәкірті Әдемі Хамит (40 келі), Оралбек Зайнуллин (36 келі), Дания Дәулеткереева (43 келі), Махаббат Қайнушева (47 келі) алтыннан алқа тақса, Ұлмекен Сағидоллақызы (43 келі), Оралхан Мұхамбетқали (44 келі) күміс алқа иеленді. Ал, Жасұлан Сабыровтың шәкірті Талант Азамат (59 келі) алтыннан алқа тағынып, Ақжол Халиоллин (66 келі) мен Перизат Хайролла (52 келі) күміс алқа иеленіп, ұстаз мерейін үстем қылды.

Топ жарып жүлдемен оралған шәкірттердің жеңісі, талмай жаттықтырған бапкерінің жемісі деп білеміз.

Қуанғали ЖАНҒУАТҰЛЫ,

балалар жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.