9.10.2019, 17:07
Қараулар: 364
ҰСТАЗДАРДЫҢ КІМ МЫҚТЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҰСТАЗДАРДЫҢ КІМ МЫҚТЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың туған күніне тұспа-тұс келген ұстаздар күніне орай Бөкей Ордасы аудандық білім беру бөлімінің  кәсіподағы және ауыл кәсіпкерлері Елтай Қонақбаев, Қуаныш Шәріпқалиев, Бердібек Мақсотовтардың ұйымдастыруымен аудан ұстаздары арасында волейболдан турнир өтті.

Жарысқа тоғыз команда қатысып, өзара бақ сынады. Аудан орталығындағы қос мектептің спорт залында өткен жарыстың қорытындысында бірінші орын М.Мәметова атындағы орта мектеп командасына бұйырды. Тиісінше екінші, үшінші орындарды М-С.Бабажанов, Жәңгір хан атындағы орта мектептер еншіледі. Ернар Хамзин (аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы) «Үздік шабуылшы», Едіге Хибатов (Т.Масин атындағы мектеп) «Үздік байланыстырушы», Жасұлан Бегеев (Жәнгір хан атындағы мектеп) «Үздік қорғаушы», Дүйсен Тіналиевке (М.Мәметова атындағы мектеп)  «Ардагер спортшы» номинациясы  бұйырды.

Жасұлан ОМАРОВ,

М.Мәметова атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.