9.10.2019, 17:28
Қараулар: 456
ИСЛАМДАҒЫ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ ОРЫНЫ

ИСЛАМДАҒЫ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ ОРЫНЫ

Күллі жаратылысты, оның ішінде адамзатты ерекше мейірімімен жаратқан Алла тағалаға сансыз мақтаулар оның сүйіктісі екі дүние сардары Мұхаммедке (с.ғ.с) сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын. Алла барша адамзатты бір ата, бір анадан жаратып, жер бетіне өрбітті. Алла әрбірімізге осы жарық дүниеге келуімізді нәсіп етіп, өмірде бар болуымызға себепкер болған ата-анамызды ескерсек адам өмірінде ата-ананың орны орасан. Сонын ішінде өзінің құлдарына деген мейірімінен ана жүрегіне салып, біздерді тоғыз ай құрсағында көтерген аналарымыздың орны ерекше.

Себебі; «Пайғамбарымызға (с.ғ.с) бір араби келіп ең бірінші жақсылықты кімге жасайын?» дегенде үш рет «Анаңа» деп, төртінші рет «Әкеңе» деген екен. Осы хадисті тереңірек қарасақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Бірінші құрметті анаңа жаса деген себебім ана сені өмірге әкелу үшін тоғыз ай көтерді, сол тоғыз ай арасында қаншалықты қиындықтар көреді. Екінші анаңа деп айтқан себебім ішіндегі баласын жарық дүниеге әкелерде өлім мен өмір арасында болып қанша қиналысқа түседі, сондықтан екіншісін де анаңа дедім. Үшінші анаңа дегенім саған түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік жастанып, сен оң солыңды танығанша, есіңді білгенше жеркенбей нәжістен тазалаған анаң. Төртінші әкеңе деген себебім ол сол үйдің қамқоршысы, қорғаны болатын, ризық-несібе тауып, бала-шағасын асырауына себепкер болатын басшы» деген. Міне, исламдағы аналарымыздың орыны осылай бағаланса, бүгінгі ана кешегі бойжеткен, бүгінгі қыз балаларымыз ертенгі елдің анасы болмақ. Ұлттың болашағы, халқымыздың ертеңі бүгінгі ұрпақтын қолында болмақ. Міне осы орайда бүгін біздер қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз баса назар аударып, сонын ішінде қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл беруіміз керек. Осы орайда ата дінін жете біліп, ұстана білген дана халқымыздың; «Гүл өссе – жердін көркі, қыз өссе елдің көркі» деп қыз баланың қоғамдағы орның бір ауыз сөзбен көрсеткен. Және қыз тәрбиесіне аса мән беру жайында; «Қызға қырық үйден тыйым» деп бекер айтпаса керек. Себебі бір ер азамат суық жолға түсіп, бір ер бұзылса, оның жамандығы өзімен шектелмек. Ал қаракөз бойжеткендердің бұзылуы бүтіндей қоғамға дерт. Және сол халық, сол қоғам, сол елге сын. Себебі намысты, текті елдің қыздары ұятты болмақ керек. Қай елдің жігіттерінен намыс кетсе, сол елдің қыздарынан ұят кететіні шындық. Бүгінгі күні өкінішке орай батыс мәдениеті деп ұрандатып көптеген ерлерімізден намыс, қарақөз қарындастарымыздан ұят кетті. Бұған басты кім кінәлі? Әрине, дүниеге шыр етіп ешнәрседен бейхабар күйде келетін сәбидін кеудесіне имандылық, ибалылық дәнегін егіп, тәрбиелі бала, инабатты қыз тәрбиелей білу ата-ананың басты міндеті. Бала ата-анаға Алладан берілген үлкен аманат. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде кімнің үш қызы болып, оларды жақсы мінез құлықпен тәрбиелеп өсірсе, қиясына қондырып оларға мейірім төгуін жалғастырса – жәннаттық» (Әбу Дәуіт, Ахмад ибн Ханбал) десе, басқа бір хадисте «Кімде-кімнің үш қызы мен үш қарындасы немесе екі қызы мен екі қарындасы болып, оларға жақсы қараса, олар үшін Алладан қорықса, оған жәннат бар» деу арқылы қыз баланың тәрбиесі қаншалықты маңызды екенін, тіпті сол жолда қиыншылық көрсе ол қыйыншылығынын жемісі жәннат боларын сүйіншелеген. Ешбір хадисте ұл баласын жақсы тәрбиелеп өсірсен жәннат деген жері жоқ, алайда ең азы бір қызды болса да жақсы тәрбиелеп өсіріп, жасы келгенде құтты жеріне ұзатып беру – сыйы жәннат болмақ. Ойланған адамға бұл жерден нені байқаймыз? Бала тәрбиесі, әсіресе, қыз бала тәрбиесіне мен-жай қарамау. Ұяттың сақтай білетін арлы, салихалы жар, ертен елдін анасына айналатын ұрпақ тәрбиелеу. Қызыңыздың жүріс-тұрыс, киім киісіне баса мән беру және ең бастысы ана болуға тәрбиелеу. Қыз баланың бұл өмірдегі басты бақытының бірі ана атану десек қателеспек емеспіз. Сондықтан имандылық, ибалылық, ар-ұят пен қоса жақсы ана болуды санасына сіңіре білу екі дүниеде де қызыңызды да өзіңізді де жақсылыққа, бақыттылыққа жеткізетін ислам дінінің талаптарынан болмақ. Лайым Алла баршамызға салихалы ұрпақ тәрбиелеуімізді нәсіп еткей.

Қуандық НАСЫРОВ,

аудан мамы