1.11.2019, 9:31
Қараулар: 274
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Аудандық мәдениет үйінде қайырымдылық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қолдауымен, аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шара өтті.

Шараға кәсіпкер Бибігүл Жұмағұлова ақшалай демеушілік жасаса, «Jas project » жеңімпаздары балаларға арнап, көңілді шара өткізіп, тәттілерін тарту етті.
Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов сөз сөйлеп, ерекше бала өсіріп отырған ата-аналарға, қайырымдылық жасап отырған азаматтарымызға және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шара барысында балақайларымыз түрлі мультфильм кейіпкерлермен «көңілді жаттығу» жасап, өз өнерлерін көрсетті. Ауылдық округтерден келген балаларымыз би де биледі, ән де шырқады. М.Мәметова атындағы мектеп оқушысы Ақмарал Ахметжан сынды сегіз қырлы, бір сырлысы да бар екен. Түрлі ойындар ойнады.
Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева өнерпаз бүлдіршіндерімізге алғысхат, ойыншықтарын тарту етті. Жоғарыда айтқанымыздай, әр балаға кәсіпкер Б.Жұмағұлова ақшалай сый ұсынды.

Өз тілшіміз