6.11.2019, 18:39
Қараулар: 678
«МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ»

«МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ»

Алматы шаһарының «Медеу» спорт кешенінде өткізілген «Менің туым – менің отаным» патриоттық акциясы Сайқын ауылындағы Бөкей ордасы колледжінде де жалғасын тапты.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев: «»Nur Otan» партиясының бастамасымен «Медеу» спорт кешені жанында Қазақстандағы ең биік ту көтерілді. Осы елжандылық бастама еліміздің барлық қалалары мен ауылдарында қолдау тапты. Міне, шекараның шебіндегі сіздің ауылда да  орын алып жатқанына дән ризамын»,-деді өз сөзінде. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов елдікке бастар белгімізді құрметтеу әр қазақстандықтың парызы екендігін және де осындай шаралардың отаншылдық қасиетін қайрай түсетінін айтты.

Шара барысында мемлекеттік тудың қасиеті мен маңыздылығы, тарихы мен авторы жөнінде кеңінен айтылды. Егемендігіміздің белгісінің бірі болған байрағымызға арналып ән де шырқалды, өлең оқылып, күй тартыс та болды.