15.11.2019, 11:29
Қараулар: 307
РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Малдың заңсыз тасымалының алдын алуда аудандық ветеринария бөлімі, аудандық аумақтық инспекция және  аудандық  полиция өкілдерінен құралған арнайы топ  ауданаралық маңызы бар тас жолдарда рейдтік шаралар өткізді.  Сайқын-Жаңақала автокөлік жолындағы тексерулер  барысында  мал тасымалдаушы  бес автокөлік тоқтатылып, ветеринариялық ілеспе құжаттары тексерілді. Рейдтік шара нәтижесінде бір заңбұзушылық анықталды, Жаңақала ауылына ветеринариялық анықтама алмай, ұсақ мүйізді қара малдарын тасымалдап бара жатырған  «КАМАЗ» автокөлігі тоқтатылып, заң талаптарына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мал тасымалдаушы Е.Уразаев деген азаматқа заң талаптары түсіндіріліп, жадынама берілді.

Мұндай рейд  республикалық және ауданаралық маңызы бар тас жолдарда мал тасымалдаушы автокөліктерді күндізгі және түнгі тексеру  шаралары жоспарлы түрде жалғастырыла беретін болады. Сондықтан малын өткізу үшін сою орындарына тасымалдауды немесе басқа да қажеттіліктерге байланысты Орал қаласына не өзге аудандарға автокөлікпен тасымалдауды жоспарлапған аудан тұрғындарынан малдың құлақ сырғаларын алдын-ала қалпына келтіріп, міндетті түрде тиісті ілеспе құжаттарын (ветеринариялық анықтама, автокөлікті дезинфекциялау актісі) бірге алып жүру қажеттілігі ескертіледі. Тиісті құжат болмаған жағдайда автокөлік тексеру орнында тоқтатылып, тасымалдаушы тұлғаға әкімшілік айыппұл салынады, ауыл шаруашылығы жануарлары анықтау жүргізу, құжаттандырылу үшін шығарылған елді мекендегі орнына қайтарылады.

Нарынбек КЕРЕШ,

аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы