15.11.2019, 12:24
Қараулар: 534
МҰРАТСАЙДА ӨТКЕН МӘНДІ ШАРА

МҰРАТСАЙДА ӨТКЕН МӘНДІ ШАРА

 Мұратсай ауылында балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы  үйірме оқушылары арасында су туризмі техникасынан жарыс өтті.

Жарысқа қатысушылар   су туризмі техникасы бойынша «Жыланша өту», «Қақпадан қайықтың алдымен өту», «Қақпадан қайықтың артымен өту», балық аулау, спорттық лабиринт ( белгіленген маршрут бойынша қашықтықтан картамен жүріп өту)  және «Үздік фотосуреттер» байқауынан  бақ сынады.

Қорытындысында «Су туризмі техникасынан» Сисенбай Нұрай, Айбекқызы Гұлнұр I орын, Рашид Ғасырбек, Темірғалиева Перизат II орын, Төребаев Мансұр, Пазылова Армангүл III орынды иеленді. «Спорттық лабиринт» жарысында қыздар арасында Жұмағалиева Гулизар I орынды, Темірғали Перизат II және  Шапихова Анеля III орынды иеленсе, ұлдар арасында Ғалымов Салауат I орын, Рашид Ғасырбек II және Саменов Құрмет III орынды жеңіп алды. Туристік фотосуреттер байқауы бойынша Мұханбетова Дильназ I орын, Жұмағалиева Гулизар II және Пазылова Армангүл III орындарды өзара бөлісті. Аталмыш шара жоғары деңгейде өтіп,  оқушылар зор ынта, үлкен белсенділікпен қатысты.

Айшагүл  ЕРҒАЛИЕВА,

аудандық балалар-жасөспірімдер

туризмі және экология орталығының  маманы