22.11.2019, 11:12
Қараулар: 707
ЕҢБЕК ЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕҢБЕК ЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен  қолға алынған  «Бір көше, бір тарих»  жобасы     ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан ел ағаларының, қасиетті құм Нарын түлеткен дүлдүлдер мен батырлардың, басқа да тұлғалардың  өмір жолынан сыр шертер  бірегей жоба екендігі сөзсіз. Облыс  көлемінде жол тартқан аталмыш шара  Сайқын ауылында  алғаш рет  Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, екі мәрте Ленин ордені, Еңбек  Қызыл Ту, «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендері мен бірнеше медальдың иегері  Мұрат Насимоллиннің есімін иеленген  көшеден  бастау алды.

 

Бұл шараның шымылдығы Мұрат Насимоллиннің өмірдерегін таныстырумен түрілсе,   ауылдың байырғы тұрғындары  Жұмағаным Өтегенова, Айтқаным Тасқалиева апаларымыздың естеліктерімен жалғасты. Сондай-ақ, Мұрат  атамыздың ұрпақтары да шараға арнайы келіп,  тәлімі мол шараның мазмұнды  өтуіне септіктерін тигізді.

                                                                     Гүлмира ҒАЙСИНА,

кітапхана қызметкері