12.12.2019, 18:28
Қараулар: 262
Қоғамдық кеңес отырысы

Қоғамдық кеңес отырысы

Тілеген Арыстанбековтың төрағалығымен өткен жиынға, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, ауылдық округ әкімдері және бірқатар мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібі бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдуллина«2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасап, қосымша аудан бюджетінің кіріс сомаларының жұмсалған бағыттарын атаса, Темір Масин, Мұратсай ауылдық округ әкімдері Меңдібай Қитанов, Жалғас Ташуов ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар , аудандық жұмыспен қамту орталығының директорының уақытша міндет атқарушысы Бекқайыр Қарағойшин 2019 жылда атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтсе, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенбек Насимуллин мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасы туралы хабарлап, жаңа «тұрғын үй сертификаты» бағдарламасымен таныстырды.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ