26.12.2019, 15:16
Қараулар: 405
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін конкурс жарияланды

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін конкурс жарияланды

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 18 желтоқсаны мен 2020 жылдың 31 қаңтары аралығында келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Орал қ., Московская к., 16, тел.: 8 (7112) 554512; 8 (775) 082 84 28.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні 10.00-ден 15.00-ге дейін;  түскі үзіліс уақыты: 12.30-13.30. Мереке күндері: 2019 жылдың 31 желтоқсаны және 2020 жылдың 1, 2, 3, 7 қаңтары.

Үміткердің қабылдау комиссиясына тапсыруы қажет құжаттар тізімін ura.nis.edu.kz веб-сайтының «Ата-анаға» бөлімінен, @nis.oral парақшасынан алуға болады.