10.01.2020, 10:14
Қараулар: 166
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Аудан әкімінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №103 өкіміне сәйкес Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін уақытша атқарушы болып Сисенғалиев Жоламан Бауыржанұлы тағайындалды.

Жоламан Сисенғалиев еңбек жолын 2005 жылы Саралжын ауылдық мәдениет үйінде сүйемелдеуші ретінде бастап, 2008-2010 жылдары Саралжын ауылдық мәдениет үйінде директор, 2010-2016 жылдары аудандық демалыс орталығында директор, 2016-2018 жылдары «Нарын» ән-аспаптар ансамблінің жетекшісі, 2018 жылдан күні бүгінге дейін аудандық демалыс орталығында директор қызметін атқарып келді.