3.02.2020, 18:09
Қараулар: 246
ТАТАРСТАНДЫ ӨНЕРЛЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТТІ

ТАТАРСТАНДЫ ӨНЕРЛЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТТІ

Татарстанның астанасы Қазаннан сүйіншілі хабар жетті. Жиганов- vivo V ашық республикалық фестиваль-конкурсына қатысқан аудандық саз мектебінің шәкірттері мінсіз шеберліктерін танытып, жүлдегер атанды.
Өнер ортасынан шалғайда жатқан құмды ауылдың талантты қыздар Татарстанды өнерлерімен мойындатты. Жүзге жуық үміткер қатысқан өнер аламанынан бәйге алу оңай емесі анық.

Майталман маман Самал Рахымжанова баулыған таланттар Сезім, Айым Хамидоллалар мен Аянат Шынболатқызы Н.Жигановтың «Сказка», «Вальс», «Мелодия», «Игра» сияқты шығармаларын фортепианода шебер орындап, музыка мамандарын өнерлерімен тәнті етті.

Конкурс нәтижесінде Сезім Хамидолла І орын, Аянат Шынболатқызы, Айым Хамидоллалар ІІ орын иеленсе, Аянат пен Сезімнің ансамбльдік орындауы ІІ орынға лайық танылды.

Бұл бөкейлік жас таланттардың алғашқы жеңісі емес. Орал қаласында өткен сазгер Назиб Жиганов атындағы халықаралық байқауға қатысып, жүлделі орын алды. Айым, Сезім Хамидоллалар Мәскеуге барып, өнерлерін сынға салып, талаптарымен топ жарған еді.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар