7.02.2020, 15:27
Қараулар: 136
ЕҢБЕК ЕРІ 91-де

ЕҢБЕК ЕРІ 91-де

Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов бастаған лауазымды тұлғалар облыс және ауданның құрметті азаматы, Социалистік еңбек ері Ескендір Есімовты 91 жасқа толуына орай шаңырағына арнайы бас сұғып, мерейлі жасымен құттықтады.

-Ауданның мал шаруашылығы саласын, соның ішінде Шопан ата кәсібін дамытып, өркендеуіне сүбелі үлес қосып, еңбекқорлықтың ерен үлгісін көрсеткен тұлғасыз. Өзіңіздей аға ұрпақтың ілкімді істері  кейінгі буынға үлгі-өнеге екені сөзсіз, — дей келе  қарияға тарту-таралғысын табыс етті.

Еңбек майталманына ақжарма лебіздерін арнай келген мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев, қоғамдық кеңес төрағасы  Тілеген Арыстанбеков, Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омаровалар да тілектерін жаудырды.

Арайлым ЕСМАҒҰЛ