3.07.2020, 19:05
Қараулар: 512
Мерхан Өтеғалиев,  асаба: «ТОЙДЫҢ ЖАҢАША ФОРМАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК»

Мерхан Өтеғалиев,  асаба: «ТОЙДЫҢ ЖАҢАША ФОРМАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК»

 

  • Тойды бес жылға болдыртпаудан гөрі тойды өткізудің жаңа ережелері енгізілуі керек шығар. Өзім бірнеше жылдан бері асабалық қызметтемін, қаншама тойдың куәсі болдым. Несіне жасырайық, мал-дәулетін, қоғам алдындағы абырой-беделін көрсету үшін бір-бірінен асып түсуге тырысып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасайтындар бар ғой. Былай қарағанда мұнда тұрған ештеңе де жоқ, қалтасы көтерсе болғаны деуіміз мүмкін. Алайда, әлеуметтік-материалдық айырмашылықтар туған-туыстың арасын алшақтатып жіберетін сияқты. Намысқа тырысып несие алып, қарызға белшесінен батып тойды әупірімдеп өткізеді. Одан қалды қыз жасауы, киіт дегендей рәсімдер де арзан тұрмайтыны белгілі.  Сол себептен елдегі тойдың орташа бюджеті, атқарылатын рәсімдердің нақты үлгісі дегендей салт-жоралғыларға сәйкес ережелер бекітілсе, той жүйесі де қалпына келіп қалар. Ауылдық асабаларға келер болсам қызметіміз үшін аспандағы айды сұрамаймыз. Ауыл ішінде 25 мың теңге, көрші Ресейдің қалаларына 10 мың рубль аламыз. Бұл сомаға музыканттың еңбегі де кіреді. Қалада жалғыз асабаның құны 100 мыңнан жоғары, «элитныйлары»  150 мыңнан жоғары сұрайды. Орташа деңгейлі тамадалар 50-60 мыңның арасы. Сондықтан асабалықтан күреп, ақша тауып жатырмын деп айтпақ-ақ қояйын. Тапқан нәпақам — отбасымның несібесі.  Ал, тойды мүлдем өткізбеуді құптамаймын, қуанышты бөліссең көбейеді дейді. 300-500 адамға дүркіретін той жасамаса да ағайын, көрші-көлемнің басын қосып, шағын құрамда жастардың бақытты күндерінің куәсі болғанға не жетсін?!