17.09.2020, 17:59
Қараулар: 322
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

 

Бұл күндері ұлдан туған ұрпақты да, қыздан туған кіші буынды да немере деп жатамыз. Бұл түбірімен қате! Заманалар бойына қалыптасқан өз атаулары бар. Ұлдан туған ұрпақты немере деп, қыздан туғанды жиен деп айтамыз. Немере, немереден шөбере, шөбереден шөпшек боп жалғасатынын жақсы білеміз. Ал, жиеннің баласы, сол жиеннің немересі сізге кім болатынын білесіз бе?

Жиеннен туанды жиеншар деп, одан туған ұрпақты дегеншар, одан туғанды көгеншар деп атайды. Көгеншардың баласы көбеңшар, оның баласы тебеншар, тебеншардан тараған буын өлеңшар деп аталады екен.  Ал, сегізінші ұрпақ қаймана деп аталады.