24.09.2020, 15:58
Қараулар: 344
ЖАСТАРЫМЫЗ ЖАТ АҒЫМҒА АРБАЛМАСЫН

ЖАСТАРЫМЫЗ ЖАТ АҒЫМҒА АРБАЛМАСЫН

Тәуелсіздік — еліміз үшін баға жетпес қазына екендігі әмбеге аян.  Қастерлі еркіндігімізге  қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны көзіміздің қарашығындай сақтап қалу одан да қиын. Көк аспанның астындағы алаңсыз өмірімізге аға буын өкілдері себепкер болса, жанкешті ағаларымыздың  ісін жалғастырып, еңселі  егемендігімізді мәңгілік ету  бүгінгі жастардың еншісінде. Ол үшін мемлекетіміздің ертеңі жастарымыздың  рухы мықты, ниеті нық, ойы таза болуы тиіс. Мұратсайлық ұл-қыздармен жүзбе-жүз кездескендегі де мақсатымыз осы болатын.  Сондай-ақ, кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың түрлері, олардың өз миссияларын жүзеге асыру тәсілдері мен олардан сақтану жолдары айрықша сөз болды. Өкінішке қарай теріс пиғылды «жамағаттың» арбауына діни сауатсыз жастарымыз жиі алданып, дініміз бен дәстүрімізге жат қылықтарға бой ұрады. «Сақтансаң ғана сақтармын» дегендей асыра діншілдердің құрығына терең білімді, ұлтжанды, саналы қыз-жігіттердің түспейтіні кәміл.  Сондықтан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мамандары пәтуа жасап, рұқсат берген оқулықтарды оқу және әлеуметтік желілерден   ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі болып есептелетін имамдардың уағыздарын тыңдау арқылы шалыс қадамдардан аулақ бола алатындарын қаперге бердік. Жиында Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді шайырлардың  шығармалары да талқыланып, рухани дүниеміздің толысып, дұрыс діни түсінік қалыптастыруымызға үндейтіні де жан-жақты түсіндірілді.

Мұратхан НӘБИҒАЛИЕВ,

аудандық жастармен

жұмыс жөніндегі  ресурстық

орталығының теолог маманы