15.01.2021, 17:42
Қараулар: 288
БАЙҚАУШЫ БАҒАСЫ

БАЙҚАУШЫ БАҒАСЫ

Қаңтардың 10-ы күнгі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау заңға сай, ашық та, әділ өтті. бұл аудандық сайлау учаскелерде байқаушы болған азамат-азаматшалардың бізге берген пікірі.

«Ауыл» партиясы атынан №53 сайлау учаскесінде байқаушы болған Талап Дәуленов:

— Мен бүгінгі өткен ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байқаушы ретінде қатыстым. №53  учаске сайлаушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан белсенді қатысты.   Ешқандай құқық бұзушылықты байқамадым. Сайлау заңы да, санитарлық талаптар да қатаң сақталды деп нық сеніммен айта аламын,- дейді.

«Nur Otan» партиясы атынан №75 сайлау учаскесінде байқаушы болған Гүлзат Бисенғалиева:

— Мен байқаушы болған сайлау учаскесінде ешқандай құқықбұзушылық   болған жоқ, сайлаушылар тарапынан да ешқандай наразылық туындаған жоқ. Сайлау комиссиясы өз міндетін заңнама талаптарына сай атқарды. Бір ғана сайлаушы келгенде, тізімде болмай шықты. Пәтер жалдап тұрады екен. Комиссия мүшелері дер кезінде тиісті учаскемен хабарласып, дұрыс шара қабылдай алды. Нәтижесінде сайлаушы дауыс беріп, еш шағым айтпады. Мен байқаушы болған учаскеде сайлау ашық та, заңға сай, дұрыс өтті деп нық сеніммен айта аламын, — дейді.