15.01.2021, 18:00
Қараулар: 295
ОБЛЫСТАН ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ОБЛЫСТАН ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығында  «Серпін media» бейнероликтер қашықтық байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш байқауға қатысқан аудан мектептерінің оқушылары мен аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының оқушылары «Жақсы іс», «Әзілің жарасса», «Әлеуметтік ролик» номинациялары бойынша 12 бейнеролик дайынды.

Қашықтық байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Қаңтардың 8-інде облыстық «Серпін media» бейнероликтер қашықтық байқауынан бөкейліктер биіктен көрінді. «Жақсы іс» номинациясы бойынша Жәңгірхан Қыдырғали (АБТШО, жет. Д.Сахратов) ІІI орын, «Әзілің жарасса» номинациясы бойынша Нұрсұлтан Жексенұлы (Б.Жәнекешов ат.мектеп, жет. Р.Әсетов) ІI орын,  Алмат Мақсот (Қ.Сағырбаев ат.мектеп, жет. Т.Бегишанов) ІІI орын иеленді.

                                                                                 Нұрмыханбет МҰСТАФИН,

                                                                                     АБТШО директорының  орынбасары