15.01.2021, 18:04
Қараулар: 358
Бөкей ордасы  аудандық мәслихатының  жетінші шақырылымындағы   кезекті сайлаудың қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

Бөкей ордасы  аудандық мәслихатының  жетінші шақырылымындағы   кезекті сайлаудың қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

 

2021 жылғы 10 қаңтарда Бөкей ордасы  аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 9640 сайлаушылар  енгізіліп, оның 8695-сі  немесе 90,2% сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 8623 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 1 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 245 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға үш саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы-6899 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,85%.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1499 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,78%.

«ADAL» саяси партиясы-31 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,4%.

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:

«Nur Otan» партиясы – 81,85%.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 17,78%.

  1. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленсін:
  2. Nur Otan » Партиясы — 9
  3. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-2

 

Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар