Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзартты.
Ескі банкноттарды жаңасына 2021 жылдың 1 ақпанына дейін айырбастауға болады.
Олар тек Ұлттық Банктің филиалында ғана мына мекенжай бойынша ауыстырылады: Орал қаласы, Ж.Досмухамедов ат-ғы көше 16/1, тел: 55-45-35.
2021 жылдың 1 ақпанынан кейін 2006 жылғы банкноттар айырбасталмайды.
Қосымша сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің 1477 Байланыс-орталығына хабарласыңыз.