19.02.2021, 17:49
Қараулар: 223
КІМ ТІСІН ТЕГІН ЕМДЕТЕ АЛАДЫ?

КІМ ТІСІН ТЕГІН ЕМДЕТЕ АЛАДЫ?

Шұғыл жағдайларда 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС қатысушылары, зейнеткерлер, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедек бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін адамдар, I топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға  ауырсынуды басу, пломбаны дайындау және салу, ауырсынуды басу арқылы тісті жұлу, периостотомия, абсцесстерді ашу сияқты ем-шаралар тегін көрсетілуі тиіс:

Ал жоспарлы тәртіпте тіс жұлу және пломбаны дайындау мен салу қызметтері жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға тегін көрсетілуі керек.  Тегін қызмет, әрине, жеке стоматологиялық кабинетте емес, мемлекеттік қаржыға жұмыс жасайтын емханаларда көрсетіледі.

Сондай-ақ мектептерде ауыз қуысын профилактикалық тексеру мен фиссуралардың (тістердің беткі қабатындағы ойықтар) жабылуын тексеру тегін жүргізілуі қажет.

Сондықтан адамда бала кезден тісті күту мәдениеті қалыптасып, болашақта тіске әртүрлі ем-шаралар жасау кезінде кезігуі мүмкін қаржылық мәселелердің алдын алу үшін ата-аналардың баласын тісті күту мәдениетін қалыптастыруға ерте кезден баулуы маңызды.