26.02.2021, 18:29
Қараулар: 231
COVID-19: НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

COVID-19: НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

Тек 17 ақпан күні covid-19  диагнозымен 6 науқас түскен.

— Ахуал тұрақталды деп арқаны кеңге салуға болмайды. Індет әлі де қарқынды. Жағдай күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Сондықтан бұл індетке бейжай қарауға болмайды, — дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлім басшысы Света Рамазанова.

Жыл басынан бері ауданда осы індетке шалдыққан 22 науқас тіркелсе, ақпан айында 12 азамат есепке алынған. Оның денін зейнеткерлер құрауда екен. Арасында балалар жоқ. Ал округтерге бөліп қарасақ, ауру ошағы сол Орда ауылдық округі боп тұр.  Жыл басынан 13 ханордалық індетке шалдыққан.  Одан кейінгі орында  аудан орталығы – Сайқын ауыл тұр. Сегіз сайқындық осы дерт бойынша ем алды. Науқастардың 18-і симптомды түріне шалдықса, 4-еуінде ауру сезілмей өткен. Негізгі науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 56 азамат оқшауланды.

— Қазір провизорлық бөлімде 7 науқас емделуде, 3-еуі жіберілген сынаманың шешімін күтіп жатыр. Бірқатары ем-домдарын алып, үйлеріне шығуға дайындалуда. Тек бір науқастың жағдайы ауыр. Ал, облысқа жолданғандар жоқ,- дейді провизорлық бөлім дәрігері Ағайша Хайырова.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ