26.02.2021, 18:32
Қараулар: 224
ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан басшысы Нұрлан Рахымжановтың 2021 жылғы 22 ақпанындағы өкімімен  Мейрамбек Аққалиев аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына  тағайындалды.

Мейрамбек Аққалиев — осы елдің тумасы.1983 жылғы 1 қарашада   Сайқын ауылында дүниеге келген.

Бiлiмi – жоғары. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ін тәмамдаған. Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын  Оралда «Ақжайық» жеке қорында ЭЕМ- ның бас операторы қызметінен бастаған.  Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін  Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімінде  жетекші маман лауазымынан бастаған.

Әр жылдары  аудандық мәслихат аппараты,  құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі,  Орда ауылдық округінің әкімі,   Сайқын ауылдық округі әкімі, —  «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Аудан әкімі Н.Рахымжанов:

— Бұған дейін де өзіңе тапсырылған күрделі қызметтерді абыроймен атқардың.  Әлеуметтік мәселелер — күрмеуі қиын, ауқымы кең мәселелер. Назарда ұстайтын сала да көп, талап етілетін жауапкершілік те жеңіл емес. Осы қызметте де өзіңе артырылған үміт пен сенім биігінен шығады деп сенемін, — деп сәттілік тіледі.

Мейрамбек Аққалиев те өз кезегінде алғысын білдіріп, сенімнен шығуға, үміті ақтауға аянбай қызмет ететінін айтты.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ